Білім беру қызметкерлеріне арналған семинар

Білім беру қызметкерлеріне арналған семинар

Бүгін облыстың оқу орындары директорларының орынбасарларының қатысуымен оқыту семинары өтті.

Іс-шараны СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары бөлімінің басшысы С.О. Мейманова ашып, жүргізді.

Кездесу барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері-спикерлер М.О. Иманбаев – «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» ҚҚ сарапшысы және Т.В. Мұстафина – «Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ басшысы білім беру жүйесіндегі зайырлылықтың негізгі қағидаттарымен, нысаналы топтармен жұмыс істеу әдістерімен таныстырып, барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап берді. Кеңеске қатысушылар пікір алмасты.