Солтүстiк Қазақстан облысы дiни бiрлестiктердiң көшбасшылар клубы

Солтүстiк Қазақстан облысы дiни бiрлестiктердiң көшбасшылар клубы

2021 жылғы 29 маусымда облыстың дiни бiрлестiктер көшбасшылары клубының кезектi отырысы өттi. Бұл жолы кездесу облыстық тарихи-өлкетану мұражайының базасында өткiзiлдi. Бұл жер кездейсоқ таңдалмады, мұнда 26 маусымда жергiлiктi суретшi Станислав Алерттiң "соңғы жаз"суреттер көрмесiнiң ашылуы болды.Кездесу ашық аспан астында, жазғы алаңда өттi. Басқарма басшысы Рауза Қасенова отырысты аша отырып, конфессияаралық өзара iс-қимылды сақтаудың маңыздылығын атап өтiп, қоғамымыздағы бейбiтшiлiк пен келiсiмдi нығайтуға, мемлекет пен дiни бiрлестiктер арасындағы пайдалы диалогты дамытуға қосқан үлесi үшiн дiн өкiлдерiне алғысын бiлдiрдi.Басқарманың бөлiм басшысы Салтанат Мейманова отырысқа қатысушыларды миссионерлiк қызметтiң негiзгi аспектiлерiмен таныстырды. Дiни бiрлестiктердiң басшылары азаматтарды адамгершiлiк-рухани тәрбиелеу бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы айтып бердi.