Қарсы насихат жұмысы бойынша семинар

Қарсы насихат жұмысы бойынша семинар

2021 жылғы 15 маусымда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасының бастамасымен "Интернет-кеңiстiкте жұмыс жүргiзудегi ағымдағы жағдай туралы" семинар-кеңес өткiзiлдi, оған iшкi саясат бөлiмдерiнiң басшылары мен мамандары, барлық деңгейдегi терроризмге қарсы комиссиялардың хатшылары қатысты.

Басқарма басшысы Роза Қасенова өз сөзiнде интернет-кеңiстiктегi жүйелi және сапалы жұмыс Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi болып табылатынын атап өттi, сондай-ақ қатысушыларға Қазақстан Республикасында дiни терроризм мен экстремизмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының негiзгi ұстанымдары мен орындалу алгоритмiн жеткiздi. Аудан әкiмдерi аппараттарының iшкi саясат бөлiмдерiне осы бағыттағы жұмысты жандандыру және оны ҚР АҚДМ КДР және ҚР ТҚО әдiстемелiк ұсынымдарына қатаң сәйкестiкте жүргiзу ұсынылды.

Семинар барысында интернет-кеңiстiкте жұмыс жүргiзу бойынша негiзгi тезистер, сондай-ақ аудиторияның қалауын ескере отырып, аккаунт көрiнiсiн қалыптастыру қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралды.