Конфессияаралық келiсiм аллеясы

Конфессияаралық келiсiм аллеясы

Бүгiн Солтүстiк Қазақстан облысының дiн iстерi басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы аясында Қазақстан халқының бiрлiгi күнi қарсаңында Тұңғыш Президент атындағы қалалық саябақта Солтүстiк Қазақстан облысының дiни бiрлестiктер көшбасшыларының қатысуымен конфессияаралық келiсiм аллеясы ашылып, дiн өкiлдерi 30 қайың отырғызды. Осы айтулы оқиғамен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығыметов құттықтап, дiн өкiлдерiне бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтауға қосқан үлесi үшiн алғысын бiлдiрдi. Барлық қатысушыларға ашық аспан, мықты денсаулық, жақсылық және табыс тiледi.