Оңалту жұмысы бойынша семинар

Оңалту жұмысы бойынша семинар

Солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасы құқық қорғау органдары өкiлдерiнiң, ҚАЖД және КҚТДО теологтарының, ҚМДБ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы және «Ақниет» қоғамдық қорының қатысуымен семинар өткiздi. Кездесуде олар деструктивтi дiни ағымдарға ұшыраған адамдармен бас бостандығынан айыру орындарында оңалту және түсiндiру жұмыстарын жүргiзу бойынша проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды талқылады. Теологтар мен дiн саласындағы мамандар жұмыстың мақсатты профилактикалық құрылымының тәжiрибесiмен бөлiстi. Семинар соңында теологиялық-оңалту қызметiн ұйымдастыру бойынша кешендi жұмыста көрсетiлетiн сындарлы ұсыныстар әзiрлендi.