Рухани адамгершiлiк тәрбие — жемқорлықтың алдын алудың негiзi

Рухани адамгершiлiк тәрбие — жемқорлықтың алдын алудың негiзi

Рухани адамгершiлiк тәрбие — жемқорлықтың алдын алудың негiзi. Осындай атаумен «Қызылжар» облыстық орталық мешiтiнде жиын өттi.Онлайн кездесуге облыстық «Қызылжар» орталық мешiтiнiң бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен теолог Арман Нұртазин қатысты. Дiн өкiлi мен маман әр iстiң түптамыры тәрбиеде жатқанын айтты. Яғни, бала тәрбиесiне көп көңiл бөлу қажет дейдi. Бойына адамгершiлiк қағидаларын сiңiрiп, ешкiмнiң ала жiбiн аттамау туралы, үлкендердi сыйлаудың маңызы жайлы жиi айтып отырса, кейiн сол бала ер жеткенде жемқорлықтан да қашық жүредi. Айтуларынша, кейбiр жандар балаларын кеш тәрбиелеп жатады. Осы орайда алдағы уақытта өңiрде жастарға арналған «Сабыр» ұйымы ашылмақ. Онда ұл-қыздарға рухани тәрбие мен адами қасиеттер жайлы кеңiнен айтылмақ. «Бұл жемқорлықтың алдын алуға септеседi», — дейдi теолог Арман Нұртазин.

Арман Нұртазин — теолог:

— Рухани тәрбие — жемқорлықтың алдын алудың негiзi деп есептеймiн. Қазақта жақсы сөз бар: «Сабыр түбi — сары алтын» деген, сол себептi, ұйымның атын «Сабыр» деп қойдық. Қазы мен шешiм шығарушы адам ашуланып шешiм қабылдамайды. Өйткенi, ол қате болады. Әр iске сабырлық керек. Жастарды сабырлыққа тәрбиелеп, баулу керек.