10.12.2020 бастап OLX.KZ қызметiнде дiни әдебиеттердi сатуға тыйым салынғанын ескертемiз

10.12.2020 бастап OLX.KZ қызметiнде дiни әдебиеттердi сатуға тыйым салынғанын ескертемiз

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» заңының 9-бабы 2-бөлiгi негiзiнде.

Дiни әдебиеттердi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни заттарды таратуға тек дiни ғимараттарда (құрылыстарда), рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары арнайы бөлген стационарлық үй-жайларда ғана жол берiледi.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы сақтау және OLX.KZ қызметiн пайдаланушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында осы тауарларды сату туралы жарнамаларды орналастыруға тыйым салу туралы шешiм қабылданды.

Тыйым салынған тауарлар мен қызметтер тiзбесiнiң 66-тармағына өзгерiстер енгiзiлдi.