Қазақстанда «114 Қауырт желi» сенiм телефоны iске қосылды

Қазақстанда «114 Қауырт желi» сенiм телефоны iске қосылды

«114 қауырт желiсi» — бұл дiн туралы барлық сұрақтар бойынша кеңес беретiн, сонымен бiрге деструктивтi дiни ағымдардың әрекетiнен зардап шексеңiз психологиялық және құқықтық көмек көрсететiн тегiн колл-орталық және чат-сайт. Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық аму министрлiгiнiң қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ мемлекеттiк гранты аясында «Social Development Center» қоғамдық қорымен iске асырылған.

Мамандар сiздердiң өтiнiштерiңiздi телефон және онлайн-режимде қазақ және орыс тiлiнде қабылдайды. «Қауырт желiнiң» барлық операторлары бiлiктi дiнтанушылар болып табылады және дiн тақырыбындағы барлық сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Егер сұрақ арнайы маманды қажет етсе, оператор сiздiң мәселеңiздiң сипатын анықтап, сiздi теологпен, психологпен немесе заңгермен байланыстырады. Барлық кеңес берулер тегiн және конфиденциалды түрде өтедi.

«114 қауырт желiсi» аптасына 7 күн 9:00-18:00 дейiн жұмыс жасайды.

«Қауырт желiге» қалалық немесе ұялы телефоннан келесi номерлерге қоңырау шаласыз: 114 (қалалық), 8(800)-0805-114 (ұялы телефоннан). Сондай-ақ, сiз керi қоңырауға тапсырыс бере аласыз немесе сайттан онлайн-кеңес ала аласыз: www.114.kz.