Діни сауаттылық және этносаралық келісім – бейбіт қоғамға бастар жол

Діни сауаттылық және этносаралық келісім – бейбіт қоғамға бастар жол

12 тамызда Мамлют ауданның әртүрлі елді мекендерінен келген спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған профилактикалық семинар өтті.
Қатысушылар алдында кіріспе сөз сөйлеген Нұрмағамбет Н. Дін істері басқармасы мен Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметі, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Семинардың практикалық бөлімін Орталықтың теологы Березина Е. өткізді. Кездесудің тақырыбы – «Діни сауаттылық және этносаралық келісім: бейбіт қоғамның негізі».
Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қызмет ететін тіркелген діни бірлестіктер туралы, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ақпарат алды. Діни саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіруге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Спикер бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың, түрлі діндер мен мәдениеттер өкілдеріне құрметпен қараудың, сондай-ақ қоғамдағы барлық конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған тренинг өткізілді. Интерактивті форматта қатысушылар діни сенімдерді, жеке пікірді және радикалды сипаттағы пікірлерді ажыратуды, сондай-ақ даулы жағдайларды талдауды және радикалдану белгілерін анықтауды үйренді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың діни сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.