5 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері басқармасына қарасты Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жүргізетін жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының діни бірлестіктердің қызметін реттейтін заңнамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, сондай-ақ дін саласындағы шынайы емес және деструктивті ақпараттың белгілері туралы айтып берді.
Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға діни тақырыптағы мәліметтерді тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуға, әлеуметтік желілер арқылы және тиісті құзыреті жоқ күмәнді тұлғалар тарататын ақпаратқа сенбеуге кеңес берілді.
Іс-шара соңында мамандар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қызықтырған тақырыптар бойынша жан-жақты түсініктемелер берді.
Профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.