31.07.2026 жылы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының психологі С. Молжігітов «Велоспорттан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» жаттықтырушылар құрамымен және спортшыларымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты жаттықтырушылар мен спортшылардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, зайырлы мемлекет қағидаттарын берік түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының діни қызмет және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы заңнамасы туралы білімдерін нығайту болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, зайырлылық қағидаттарын сақтау, діни әралуандық және әртүрлі дүниетаным өкілдеріне құрметпен қарау мәселелері түсіндірілді.
Мемлекеттің конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөліне, сондай-ақ діни мәселелер бойынша ақпаратты жауапкершілікпен алудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті және жан-жақты жауаптар алды.
Осындай ашық диалогтар құқықтық мәдениетті нығайтуға, сыни ойлауды дамытуға, әсіресе діни білім саласындағы ақпарат көздерін саналы түрде таңдауға ықпал етеді, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етеді.