Діни бірлестіктердің басшыларымен кездесу

Діни бірлестіктердің басшыларымен кездесу

Бүгін Дін істері басқармасының басшысы Р.И. Қасенованың өңірдегі діни бірлестіктердің басшыларымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында уәкілетті орган мен діни бірлестіктердің қоғамдық келісімді, конфессияаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған алдағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Ерекше назар дін қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтауына және олардың қоғамдық қызметтегі жауапкершілігін арттыруға аударылды.
Кездесуге қатысушылар сындарлы диалогтың және қоғам бірлігін сақтау мен азаматтық келісімді нығайтуға ықпал ететін іс-шараларды іске асырудағы одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша алдағы уақытта да өзара іс-қимылды жалғастыруға және бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.