Бас имамдармен мемлекеттік-конфессияаралық өзара іс-қимыл

Бас имамдармен мемлекеттік-конфессияаралық өзара іс-қимыл

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Р. Касенова Петропавл қаласының мешіттерінің бас имамдарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында дін қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда адалдық қағидаттарын ілгерілету мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, кездесу қатысушылары қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, конфессияаралық өзара түсіністікті нығайту бағытындағы алдағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.