«Жібек жолы» базарында діни материалдарды таратуға қатысты жауапкершілік түсіндірілді

«Жібек жолы» базарында діни материалдарды таратуға қатысты жауапкершілік түсіндірілді

18 маусым күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері «Жібек жолы» базарының қызметкерлерімен бірқатар профилактикалық жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара қатысушыларына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №1 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы» қаулысының ережелері түсіндірілген ақпараттық брошюралар таратылды.

Орталық қызметкерлері діни әдебиеттерді, сондай-ақ діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды (сувенирлік өнімдер, күнтізбелер және т.б.) және діни мақсаттағы заттарды (иконалар, тәспілер және т.б.) таратуға тек ғибадат ғимараттарында (құрылыстарында), рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы айқындаған өзге де стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салды.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы заңнамасының нормалары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.