
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Семинарға Сот әкімшілігі департаментінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ облыстағы аудандық және оларға теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың мамандары қатысты.
Іс-шараны Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Амангелді Айтпаев ашып, экстремизм мен діни радикализмнің алдын алудың маңыздылығын, сондай-ақ сот жүйесі қызметкерлерінің діни қызмет саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті.
Баяндамамен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы Елизавета Березкина сөз сөйлеп, тыңдаушыларға Қазақстандағы деструктивті діни ағымдар туралы ақпаратты жеткізді.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Тимур Исмагамбетов қатысушыларды діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері туралы хабардар етті.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кездесу тақырыбы бойынша пікір алмасты.