
2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бастамасымен 2026–2030 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту тұжырымдамасын түсіндіру аясында «Дін саласындағы мемлекеттік саясат: жергілікті жерлердегі тәжірибе мен міндеттер» тақырыбында екі күндік семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға дін саласындағы мамандар, аудандар мен Петропавл қаласының терроризмге қарсы комиссияларының хатшылары, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері қатысты.
Семинар аясында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруге бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізді. Қазіргі діни ахуалды талдау, ғибадат нысандарының құрылысы, интернет-кеңістіктегі жұмыс, ақпараттық-түсіндіру қызметі, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу мәселелері қарастырылды.
Семинар спикерлері ретінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Дін істері басқармасының және Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасына қатысушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған практикалық шеберлік сабақтары мен интерактивті сессиялар да енгізілген. Мамандар профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің заманауи тәсілдерімен, әртүрлі мақсатты аудиториялармен тиімді коммуникация әдістерімен, сондай-ақ интернет-кеңістікте деструктивті діни идеологияның таралуын анықтау және алдын алу құралдарымен танысты.
Жұмыстың интерактивті форматтарына ерекше назар аударылады: кейстерді талдау, проблемалық жағдайларды модельдеу, топтық талқылаулар және қатысушылар арасында тәжірибе алмасу. Мұндай формат жергілікті жерлерде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.