Көшпелі түсіндіру іс-шаралары

Көшпелі түсіндіру іс-шаралары

Ағымдағы жылдың 4-6 мамыр аралығында Дін істері басқармасының басшысы Р.Қасенова Тимирязев, Шал ақын және Тайынша аудандарында бірқатар ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізді. Барлық кездесулер діни саладағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі бағыттарын түсіндіруге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол бермеуге бағытталды.

Келесі мәселелер қарастырылды: халықтың мақсатты топтарына өзекті ақпаратты уақтылы жеткізу, діни ғимараттарды салу алгоритмі, оның ішінде жер учаскесін рәсімдеуден бастап пайдалануға беруге дейінгі қажетті құжаттар тізбесі.

Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мәселесіне де ерекше назар аударылып, бұл тақырып өңір аумағында діни қызметін жүзеге асыратын миссионерлерге арналды.