Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар

Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар

24 сәуір күні Департамент қызметкерлері арасында Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы дін саласындағы заңнаманың өзекті жағдайы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ оны бұзғаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Семинар қатысушылары дін саласындағы заңнаманы тәжірибеде қолдану мәселелері мен ықтимал құқық бұзушылықтарға әрекет ету шараларына қатысты сұрақтар қойды.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.