
16 сәуір күні №24 орта мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтіп, оның аясында Қазақстан Республикасындағы діни заңнаманың өзекті мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері діни саладағы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Өткізілген семинар ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың діни тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.