Ақпараттық семинар

Ақпараттық семинар

16 сәуір күні «ҚазТрансОйл» АҚ-да «Деструктивті діни ағымдар»: белгілері және тарту әдістері тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының негізгі ережелері, сондай-ақ оны бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Ерекше назар деструктивті ағымдар идеологиясының алдын алу және оларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселелеріне аударылды.

Семинар аясында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, діни саладағы заң нормаларын іс жүзінде қолдану және ықтимал құқық бұзушылықтарға әрекет ету шаралары бойынша сұрақтар қойды.

Мұндай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға, зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және діни қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.