Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

8 сәуір күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері «Жеңіс» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары және жаттықтырушылар құрамымен «Діни сауаттылық және ұлтаралық келісім: бейбіт қоғамға бастар жол» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын тұрақты түрде түсінуін қалыптастыру болды.Әңгіме барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар, діни әртүрлілік мәселелеріне, түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығына және мемлекет тарапынан конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және сарапшыдан толық жауаптар алды.

Осындай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және әсіресе діни білім саласында ақпарат көздерін саналы түрде таңдауға ықпал етеді.