
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының діни бірлестіктерімен үйлестіру және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Салтанат Мейманова "Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар"тақырыбында №13 орта мектептің бітіруші сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында балаларға мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, оның миссиясы мен қоғамға қызмет ету, жауапкершілік, кәсібилік, парасаттылық және ашықтық сияқты негізгі құндылықтары түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға, Мемлекеттік қызметке кіру тәртібіне, сондай-ақ кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Түлектерге ел дамуындағы мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жас мамандардың рөлі және мемлекеттік органдарда одан әрі жұмыс істеу үшін сапалы білім алу қажеттілігі туралы айтылды.
Оқушылар кездесу тақырыбына белсенді қызығушылық танытты, мамандықты таңдау, Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері және жұмысқа орналасу перспективалары туралы сұрақтар қойды.