
ҚР МАМ Дін істері комитетінің әдістемелік ұсынымдары шеңберінде облыста барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Дін істері басқармасының басшысы Р. Қасенова Жамбыл ауданында жалпы профилактикалық сипаттағы бірқатар көшпелі іс-шаралар өткізді, оның ішінде АТТ мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Қатысушыларға мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары, сондай-ақ дін саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мақсатты топтарға арналған басым тақырыптар жеткізілді. Семинарға қатысушылар жасөспірімдер мен жастар ортасында, әсіресе интернет әлеуметтік желілерінде кездесетін құқық бұзушылықтардың мысалдарын қарастырып, талқылады.