Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2 сәуір күні конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері спорттық акробатика бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары және жаттықтырушылар құрамымен «Діни сауаттылық және этносаралық келісім: бейбіт қоғамға жол» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын тұрақты түрде түсінуді қалыптастыру болды.Әңгіме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Діни әртүрлілік мәселелеріне, түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығына және мемлекет тарапынан конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және сарапшыдан жан-жақты жауаптар алды.Осындай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және ақпарат көздерін, әсіресе діни білім саласында, саналы түрде таңдауға ықпал етеді.