
2 сәуір күні «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттерімен «Жастар сағаты» атты кездесу өтті.
Іс-шараға 100-ге жуық студент, конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Сарапшылар қатысушылармен құқықтық тәртіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу және жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды талқылады.Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті жауаптар алды.Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Спикерлер жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың, сыни ойлауды дамытудың және өз әрекеттеріне жауапкершілік қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, деструктивті ақпаратқа қарсы тұру және алынған мәліметтерді талдай білуге ерекше назар аударылды.Іс-шара соңында қатысушыларға осы тақырып бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар таратылды.