
СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасы Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың дінтану зерттеулері департаментімен бірлесіп, Тайынша ауданында Рим-католик шіркеуінің өкілдерімен бірқатар ақпараттық кездесулер өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы кейбір өзгерістерді, өңірдегі қазіргі діни ахуалды талқылап, облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын басқа конфессия өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.Өз кезегінде ауданның дін қызметкерлері ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған іс-шаралар жобаларымен бөлісті.
Кездесулер с. Озерное ауылындағы киелі нысандарды аралаумен қорытындыланды.