27 наурыз күні «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Достық үйі алаңында жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту мақсатында «Келісім аумағы» атты челлендж-акция өтті.
Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзбен облыстық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары Айтуған Қаскербаев сөз сөйледі. Ол құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстың маңыздылығын және қоғамда өзара құрмет атмосферасын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында этносаралық қатынастар, діни сауаттылық және қоғамдық келісімнің өзекті мәселелері қарастырылды.
СҚО Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Самат Капенов этносаралық қатынастардың жай-күйі туралы баяндама жасады. Ал конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы Елизавета Березина діни сауаттылықтың бейбіт әрі тұрақты қоғам құрудағы маңызын атап өтті.
СҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Зарина Попова жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың және нашақорлықтың алдын алу жұмыстары туралы айтып берді.
СҚО ҚХА Медиация кеңесінің төрайымы Гүлбахша Мұсабаева медиация арқылы жанжалдарды шешудің практикалық жолдарын көрсетті.
Валентина Реутова ҚХА СҚО «Ассамблея жастары» жастар қанатының қызметін таныстырды.
Акция-челлендж ашық диалог форматында өтіп, студенттердің қызығушылығын тудырды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктер мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Соңында этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген белсенділер марапатталды