
27 ақпанда Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері Бокстан олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі оқушылары және жаттықтырушылар құрамымен «Діни сауаттылық және этносаралық келісім: бейбіт қоғамға бастар жол» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын орнықты түсінігін қалыптастыру болды.
Әңгіме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Діни әртүрлілік мәселелеріне, әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығына және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және сарапшыдан толыққанды жауаптар алды. Мұндай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және ақпарат көздерін, әсіресе діни білім саласында, саналы түрде таңдауға ықпал етеді.