Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысы

Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысы

2026 жылғы 2 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы діни бірлестіктері көшбасшылары клубының кезекті отырысы өтті. Кездесуді Дін істері басқармасының басшысы Р. Қасенова ашты.

Отырыс барысында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру болды.

Толық ақпаратпен Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері А. Абилькарим сөз сөйлеп, ғибадат ғимараттарында қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтау, нұсқамаларды уақытылы өткізу және өртке қарсы жабдықтарды тексеру қажеттігін еске салды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және діни бірлестіктер басшыларының келушілердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар кездесу аясында Клубтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары жария етілді. Басым бағыттардың қатарында – көшпелі отырыстар өткізу, конфессияаралық диалогты дамыту, бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бар.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және қоғамдық келісім мен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірлескен шешімдер қабылдау үшін мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дін Солтүстік (@din_soltustik)