
19 ақпанда Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері «Велосипед спортынан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» оқушылары және жаттықтырушылар құрамымен «Діни сауаттылық және ұлтаралық келісім: бейбіт қоғамға бастар жол» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттары туралы орнықты түсінік қалыптастыру. Әңгіме барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ діни әртүрлілік, түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығы және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және сарапшы тарапынан жан-жақты жауаптар алды. Мұндай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және әсіресе діни білім саласында ақпарат көздерін саналы түрде таңдауға ықпал етеді.