
11 ақпанда Дін саласындағы талдау және конфессияаралық қатынастарды дамыту орталығының қызметкері әскери қызметшілермен кездесу өткізді.
Іс-шара жеке құрамның діни сауаттылық деңгейін арттыруға және зайырлы мемлекет қағидаттарын түсінуді нығайтуға бағытталды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Әртүрлі дүниетанымдар мен конфессия өкілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға, әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы, бірлікті нығайтудағы және деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Әскери қызметшілер қызығушылық танытып, өзекті сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға, жауапкершілік деңгейін арттыруға және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді.