
11 ақпанда Дін саласындағы талдау және конфессияаралық қатынастарды дамыту орталығының қызметкері әскери академия курсанттарымен кездесу өткізді.
Іс-шара болашақ офицерлердің діни сауаттылық деңгейін арттыруға және зайырлы мемлекет қағидаттарын терең түсіндіруге бағытталды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, конфессияаралық келісімді және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Әртүрлі дүниетанымдар мен конфессия өкілдеріне құрметпен қараудың маңыздылығына, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы мемлекеттің рөліне және деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Курсанттар қызығушылық танытып, мазмұнды сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты. Осындай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді.