
12 ақпанда Солтүстік Қазақстан университетінде студенттермен Дін саласындағы талдау және конфессияаралық қатынастарды дамыту орталығының қызметкері кездесті.
Ашық диалог форматында діни сауаттылық мәселелері, зайырлы мемлекет қағидаттары және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының ерекшеліктері талқыланды. Әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қарау, діни алуантүрлілік және конфессияаралық келісімді сақтаудағы мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өзекті сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу құқықтық білімдерін кеңейтуге, сыни ойлау дағдыларын нығайтуға және діни ақпарат көздерін таңдауда саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.