Теологтарға арналған оқыту семинары

Теологтарға арналған оқыту семинары

10 желтоқсан күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің теолог-мамандарына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинардың спикері ретінде орталықтың теологы Беков Н. сөз сөйледі. Ол «Дәстүрлі ислам мен деструктивті діни ағымдардың сенім мәселелеріндегі айырмашылықтары» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шара барысында қатысушылар діни қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, деструктивті діни ағымдарды танудың ерекшеліктерін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде теологтардың жұмыс жүргізуінің практикалық қырларын талқылады.