Гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен кездесу

Гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен кездесу

12 желтоқсан күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын терең түсінуге ықпал ету болды. Әңгіме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Ерекше назар діни әралуандылыққа, әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығына және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне аударылды.

Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті және сарапшыдан толыққанды жауаптар алды. Мұндай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және әсіресе діни білім саласында ақпарат көздерін саналы түрде таңдауға ықпал етеді.