14 қараша күні Конфесияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын берік түсінігін қалыптастыру . Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Ерекше назар діни әралуандық мәселелеріне, түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығына және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне аударылды.
Оқушылар өз белсенділігін танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және сарапшыдан толыққанды жауаптар алды. Мұндай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және діни ақпарат көздерін саналы түрде таңдауға ықпал етеді.