Діни экстремизмнің алдын алу: мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар

Діни экстремизмнің алдын алу: мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар

11 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында «Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының өзекті жағдайы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелері мен оны бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында діни экстремизмнің алдын алу және деструктивті ағымдар идеологиясына қарсы тұра алатын тұрақты көзқарас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, дін саласындағы заңнаманы іс жүзінде қолдану және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына қатысты сұрақтар қойды.

Мұндай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік қызметте зайырлылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.