
11 қараша күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Деструктивті діни ағымдар: белгілері мен тарту әдістері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасының негізгі қағидалары мен оны бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Ерекше назар, діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне және мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға аударылды.
Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, дін саласындағы заң нормаларын тәжірибеде қолдану және ықтимал құқықбұзушылықтарға ден қою шараларына қатысты сұрақтар қойды.Осындай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік қызметтегі зайырлылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.