Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Рухани дәстүрлер үндестігі"атты  кездесу өтті

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Рухани дәстүрлер үндестігі"атты  кездесу өтті

2025 жылғы 17 қазан күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Рухани дәстүрлер үндестігі" тақырыбында диалогтық алаң өтті.

Іс-шараның мақсаты- конфессияаралық диалогты нығайту, қоғамда толеранттылық мәдениетін, өзара сыйластық пен рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, жастардың өкілдері, сондай-ақ дін саласының мамандары қатысты.

Кездесу барысында конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу және жастар арасында бейбітшілік пен Қазақстан халықтарының рухани дәстүрлеріне құрмет мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Диалог алаңында келесі спикерлер баяндама жасады:

  • Дәуренбек Қабиболлаұлы Еңбеков, "Қызылжар" орталық мешітінің наиб имамы;
  • Михаил Березин, Петропавл қаласындағы Севастиано-Магдалинин шіркеуінің діни қызметкері;
  • Елизавета Березина, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы.

Спикерлер өз баяндамаларында Қазақстан көп жылдар бойы этносаралық және конфессияаралық келісімнің тұрақты моделін көрсетіп келе жатқанын және бұл үлгі халықаралық қауымдастыққа өнеге бола алатынын атап өтті. Толеранттылықты, діни сауаттылықты және рухани дәстүрлерге құрметті тәрбиелеу қоғамдық тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауға ықпал ететіні баса айтылды.

«Рухани дәстүрлер үндестігі» диалогтық алаңы Солтүстік Қазақстан облысында рухани ағарту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шара болды.