
2025 жылғы 9 қазанда «Ата-аналар комитеттері мен мектептердің өңірлік ынтымақтастығы: адал және жауапты азаматты қалыптастыру жолы» тақырыбында ата-аналар қауымдастығының өңірлік кеңесінің отырысы өтті.
Қазіргі білім беру жүйесі ата-аналардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы – адал, жауапты және отансүйгіш азамат тәрбиелеудің негізі болып табылады. Отырысқа аудандар мен Петропавл қаласының ата-аналар қоғамдастығы кеңестерінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында бала құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, құндылықтарды қалыптастыру, деструктивті ықпалдарға қарсы іс-қимыл және отбасын қолдау мәселелері талқыланды. Жиында Білім басқармасы, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Дін істері басқармасы және Психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының өкілдері қатысты. Дін істері басқармасы тарапынан бөлім басшысы Н.Нұрмағамбет сөз сөйледі.