2025 жылдың 8 қазанында «Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлі: тәжірибе мен болашақ» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты — этносаралық және конфессияаралық келісім моделін нығайтудағы Ассамблеяның рөлін айқындау, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың болашағын талқылау.
Конференцияға ғалымдар, магистранттар, студенттер, Ассамблея мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Аталған шараға Солтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Н. Нұрмағамбет қатысып, бейбітшілік пен болашақ үшін діндер диалогы тақырыбында баяндама жасады. Конференция этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы пікір алмасу, жаңа идеяларды әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.