24 қыркүйекте Дін істері басқармасы «Демеу» ҚҚ-мен бірлесе отырып Есіл ауданында жеке және топтық ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары кешенін өткізді. Негізгі нысаналы топ – спортшылар мен жаттықтырушылар. Кездесуге қатысушыларға дін саласындағы қолданыстағы заңнамадағы негізгі ұстанымдар жеткізілді. Сонымен қатар лудомания мен нашақорлық сияқты қоғамға жат құбылыстардың алдын алу мәселелері жеке бөлім ретінде қарастырылды.