2025 жылғы 20 қыркүйекте Кызылжар ауданының Бескөл мектеп-колледжінде діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараның спикері ретінде СҚО Дін істері басқармасының "Конфессияралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ қарсы үгіт-насихат бөлімінің басшысы Е. Сыздыков сөз сөйледі.
Кездесу барысында оқушыларға зайырлы мемлекеттің негізгі қағидаттары, діни саладағы қолданыстағы заңнама талаптары, сондай-ақ мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдың ерекшеліктері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың деструктивті идеологияларға қарсы тұра алу қабілетін нығайтып, дін мен идеология мәселелерінде сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.