11 шілде күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы жеке құрам арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында діни заңнамаға қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, Қазақстан Республикасының «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңы талқыланды, сондай-ақ діни риториканы жамылып әрекет ететін экстремистік және террористік көріністерден туындайтын қауіптер тақырыбы ашып көрсетілді.
Ерекше көңіл радикалды діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, көпұлтты және көпконфессиялы қоғам жағдайында бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға аударылды.