Медицина саласының өкілдерімен семинарлар кешені: дін саласындағы заңнаманы талқылау

Медицина саласының өкілдерімен семинарлар кешені: дін саласындағы заңнаманы талқылау

2025 жылғы 3 және 4 шілдеде Петропавл қаласында медицина саласы қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешені өтті. Іс-шараның мақсаты – дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және діни экстремизмнің алдын алу.

Шара спикерлері ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері сөз сөйледі.

Іс-шаралар Облыстық жедел медициналық жәрдем көрсету орталығының, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының, Көпсалалы облыстық аурухананың және №2 қалалық емхананың қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

 

Кездесулер барысында келесі өзекті тақырыптар қарастырылды:

  • «Дін саласындағы заңнама»;
  • «Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңы;
  • «Діни сипаттағы экстремистік және террористік көріністердің қауіптілігі».

 

Қатысушыларға діни радикализм белгілерін тану және ұжымда алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.