2025 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге бағытталған алдын алу жұмыстары» тақырыбында семинар өткізілді.
Спикер ретінде, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бөлімінің басшысы – Н. Нұрмағамбет сөз сөйледі.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік жеткізіліп, деструктивті діни ағымдардың белгілері қарастырылды.
Қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.