Тайынша ауданындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Тайынша ауданындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2025 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті іске асыратын жоба шеңберінде СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен түрлі нысаналы топтармен ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.
Деструктивті діни ағымдарға иммунитетті қалыптастыру мақсатында жастармен, жаттықтырушылармен, құқық қоғау органдарының қызметкерлерімен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен кездесулер өткізілді.

Іс-шараның спикерлері республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі болды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік жеткізілді, деструктивті діни ағымдардың белгілері қаралды, сондай-ақ кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.