Әкімнің экономика, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Д.М.Бейсембин ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді

Әкімнің экономика, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Д.М.Бейсембин ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді

 

«2025 жылғы 11 сәуірде әкімнің экономика, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Д.М.Бейсембин ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді. Құқықтық жалпыға бірдей оқыту барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын ұстануға, қоғамдағы адамның қадір-қасиетіне және адамгершілікке нұқсан келтіретін қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының талаптарын бұзушылықтарды анықтаған кезде бұзушылар жауапқа тартылатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, мемлекеттік қызметтегі реформалар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалатын жаза түрлері және басқа да мәселелер талқыланды. 

Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.