2025 жылғы 31 наурызда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі М. Т. Абдуловтың төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста "Уәлиханов ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтар тыңдалды, бөлім басшысы Б. С. Хасенеевтің ақпараты тыңдалды.
Ақбұлақ ауылдық округінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Округ әкімі Б. С. Ахметов хабарлады.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандармен істер жөніндегі комиссияның төрағасы Т.Қ. Сағитов, білім бөлімінің басшысы Қ. С. Ысқақов кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Бұл жұмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан интернет алаяқтыққа қарсы күрес жұмыстары туралы полиция бөлімі бастығының орынбасары С. Б. Қалиев таныстырды.
Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік органдардың басшыларына және ауданның ауылдық округ әкімдеріне тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.