Ағымдағы жылдың 31 наурызда Уәлиханов ауданы әкiмiнің орынбасары Т. Сағитовтың төрағалығымен аудандық үшжақты комиссия отырысы өттi.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақыны уақтылы төлеу туралы;
- Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен төлемдердің уақтылы аударылуы жөнінде.
Отырыстың қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары бірқатар тапсырмалар берді.